Ақ халаттағы КВН: акушерлер vs мейіргерлер
Халықаралық медбикелер күні қарсаңында №2 Қалалық перинаталдық орталықта акушерлер мен медбикелер командалары арасында жарқын әрі жылы КВН өтті.
Акушерлер командасында қабылдау бөлімі, жүктілік патологиясы бөлімі, босанғаннан кейінгі бөлім және ақылы қызметтер бөлімі мамандары болды.
Медбикелер командасын реанимация бөлімінің аға медбикесінің жетекшілігімен операциялық блок, жаңа туған нәрестелер бөлімі және балалар реанимациясы бөлімінің қызметкерлері ұсынды.
Бағдарлама үш кезеңнен тұрды:
-команданы таныстыру және сәлемдесу;
-музыкалық номер;
-үй тапсырмасы.
Байқау қорытындысы бойынша акушерлер командасы жеңіске ие болды.
Орталық директоры Светлана Рахимова қатысушыларды атап өтіп, командаларға лайықты марапаттарын табыстады.
КВН жылы және достық атмосферада өтті.
Қатысушылар жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар жарқын шығармашылық қабілеттерін, командалық рухын және өз мамандықтарына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсете білді.
