-Мен №2 Қалалық перинаталдық орталықтамын. Мұнда маған диагнозыма байланысты күрделі операция жасалды.
Барлық қиындықтарға қарамастан, дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің және бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында мен аман-есен босандым.
Орталықтың дәрігерлеріне, медициналық мейірбикелеріне және барлық қызметкерлеріне көрсеткен жанашырлығы, қолдауы және жоғары кәсіби деңгейі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Ең толқулы әрі қиын сәттерде өзімді сенімді қолда екенімді сезіндім.
Еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз және жаңа өмірдің дүниеге келуіне көмектесіп жүргендеріңіз үшін үлкен рақмет.